Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Пара алды деп айыпталған шенеунік сот алдына келеді 05 мамыр 2014, 12:05

2013 жылдың 28 желтоқсанында Бақтыбаев 700 мың теңгеден астам пара алып жатқан жерінде қолға түскен болатын.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің шенеунігі 14 мамыр күні Астанада сот алдына келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астанадағы Алматы аудандық №2 cотының өкілдері айтты. 

Сот тыңдауы министрліктің Мал шаруашылығы департаментінің бұрынғы директоры Мақсұт Бақтыбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өтеді. Бұған дейін Астанада қаржы полициясы департаментінің Бақтыбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғап, сотқа жолдағаны хабарланған еді. Шенеунікке Қылмыстық кодекстің 307 ("Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану"), 310-1 ("Кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру") және 176-баптары ("Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу") бойынша айып тағылды.

Еске салайық, 2013 жылдың 28 желтоқсанында Бақтыбаев "Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығы" ЖШС бас директорынан 700 мың теңгеден астам пара алып жатқан жерінде қолға түскен болатын. Қаржы полициясының мәліметінше, шенеунік бұл ақшаға мемлекеттік сатып алулар туралы келісімді бекітуде көмек беруге уәде етіпті. Қазіргі уақытта департаменттің бұрынғы директоры тұтқында отыр. 

Айта кетейік, экс-шенеунік Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өмірияев 100 мың доллар парамен ұсталғаннан бірнеше күннен соң қолға түсті. Өмірияевқа қатысты тергеу әлі аяқталған жоқ.

 

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті