Мұздатқыштағы нәресте өлімі: Атырауда дәрігерлерге қатысты үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұздатқыштағы нәресте өлімі: Атырауда дәрігерлерге қатысты үкім шықты Фото: mgorod.kz

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мұздатқыштағы сәбидің өлімі туралы іс бойынша облыстық перинаталдық орталық дәрігерлеріне қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мұздатқыштағы сәбидің өлімі туралы іс бойынша облыстық перинаталдық орталық дәрігерлеріне қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Дәрігерлер жаңа туған баланы өлтірді деген күдікке ілінген.

Сотталушылар орындығында - орталық директоры Қуаныш Нысанбаев, акушер-гинеколог Асқар Қайыржан және акушер Тамила Құлбатырова, оларға алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам болып қасақана адам өлтірді деп айыпталған, сондай-ақ неонатолог дәрігерлер Руслан Нұрмаханбетов пен Дариға Жұмабаеваға қылмыс туралы хабарламады деген айып тағылған.

Сот Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға, Асқар Қайыржанды 16 жылға, Тамила Құлбатырованы 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Еске салайық, 2019 жылдың қыркүйек айында Атыраудың перинаталдық орталығында жанжал шыққан болатын. Сол кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдолла облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері Атырауда жаңа туған баланы өлтірді деген күдікке ілінгенін хабарлаған.

Ол жедел шаралардың нәтижелері бойынша бала туғаннан кейін немқұрайды қарап, өлі туды деп жазған, бірақ іс жүзінде бала тірі болған. Бала тіршілік белгілерін көрсеткеннен кейін дәрігерлер оны жансақтау бойынша шұғыл шаралар қабылдауға мүмкіндігі болған, алайда дәрігерлер толтырылып қойған құжаттарға сәйкес әрекет етуді ойлап, арты жаңа туған нәрестенің өлімімен аяқталған. Дәрігерлердің бұл әрекетіне себеп ретінде базада толтырылып қойған және түзетілмейтін құжаттар аталған.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева бірден отставкаға кетті. 2020 жылғы ақпанда ол ҚК-нің 371-бабының 2-бөлігі ("Ауыр зардаптарға әкеп соққан немқұрайдылық") бойынша кінәлі деп танылып, бес миллион теңге айыппұл салу туралы үкім шығарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети