19 қаңтар 2021 17:00

Мұздатқыштағы нәресте өлімі: атыраулық дәрігерлер сотта жанжал шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда мұздатқыштағы сәбидің өлімі ісі бойынша өткен сотта дәрігерлер жанжал шығарды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".


Атырауда мұздатқыштағы сәбидің өлімі ісі бойынша өткен сотта дәрігерлер жанжал шығарды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Басылым мәліметінше, өзінің жаза мерзімін (16 жылға бас бостандығынан айыру) естіген акушер-гинеколог Асқар Қайыржан "Мен келіспеймін!" деп, айыпталушыларға арналған кабинаның әйнегін ұра бастады. Содан кейін судья Гүлмира Дәулетова қарауылдан оны залдан алып кетуді сұраған.

Орталық директорыҚуаныш Нысанбаевқа (18 жыл) қатысты шығарылған сот үкімін естіген оның әйелі судьяға "сіздерді антикор басқарып отыр" деп, судьяға дөрекі сөздермен айғайлай бастаған. Осыдан кейін сот оны залдан шығарып жіберген.

Мұздатқыштағы нәресте өлімі: Атырауда дәрігерлерге қатысты үкім шықты

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мұздатқыштағы сәбидің өлімі туралы іс бойынша облыстық перинаталдық орталық дәрігерлеріне қатысты үкім шығарған еді.

Сот Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға, Асқар Қайыржанды 16 жылға, Тамила Құлбатырованы 15 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Акушер Жәмила Құлбатырова (ол 15 жылға сотталды) да үкіммен келіспейтінін айтты.

"Дәрігерлердің айтқанын істедім, еш кінәм жоқ!", - деді Құлбатырова.

Судья сотталушылар мен адвокаттарға 15 күн ішінде апелляциялық шағым беруі керек екенін ескертіп, сот үкімін соңына дейін жариялады.

Еске салайық, 2019 жылдың қыркүйек айында Атыраудың перинаталдық орталығында жанжал шыққан болатын. Сол кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдолла облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері Атырауда жаңа туған баланы өлтірді деген күдікке ілінгенін хабарлаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети