22 қаңтар 2021 10:24

Мұздатқыштағы нәресте өлімі: атыраулық дәрігерлер сот үкімімен келіспейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: atpress.kz Фото: atpress.kz

Атырау облыстық перинаталдық орталығының ұжымы нәрестені өлтіру ісі бойынша бұрынғы әріптестеріне шыққан сот үкімімен келіспейді. Орталық директорының міндетін атқарушы Асқар Кенжеғалиев медицина қызметкерлерінің пікірінше, сот үкімі тым қатал екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі atpress.kz сайтына сілтеме жасап. 


Атырау облыстық перинаталдық орталығының ұжымы нәрестені өлтіру ісі бойынша бұрынғы әріптестеріне шыққан сот үкімімен келіспейді. Орталық директорының міндетін атқарушы Асқар Кенжеғалиев медицина қызметкерлерінің пікірінше, сот үкімі тым қатал екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі atpress.kz сайтына сілтеме жасап. 

Медицина қызметкерлері жаза мерзімін қысқартуға ұсыныс айтты.

"Ешқайсымыз сот үкіміне қарсы емеспіз. Алайда біз өз ұсынысымызды құжат жүзінде рәсімдеп, Мемлекет басшысына жеткізуге құқығымыз бар деп есептейміз. Жазаны жеңілдету үшін шаралар қолдануға болады деп үміттенеміз. Себебі әріптестерімізге өте ауыр жаза ұсынылды. Осы уақытқа дейін олар көптеген бала мен ананың өмірін сақтап қалды, қанша отбасыға бақыт әкелді! Болашақта әріптестеріміз қоғамға үлкен пайда әкеле алады. Медицина қызметкерлері сот процесі біржақты өткеніне наразы", - деді облыстық перинаталдық орталықтың директорының м.о. Асқар Кенжеғалиев.

Ол мұндай жағдайға әріптестері бей-жай қарамайтынын да атап өтті.

"Осындай қиын жағдайда біздің медицина қызметкерлері қалыпты жұмыс істеп, тікелей міндеттерін орындай алмайды. Мұның себебі осыда екенін жасырмаймын. Көпжылғы еңбекке қарамастан мұндай болатыны мүмкін екенін елестете алмадық. Осыдан кейін біздің жас мамандардан не күтуге болады? Олар көздегі ұшқынсыз қалай жұмыс істейді? Осының бәрін ескере отырып, біз Мемлекет басшысына, дәрігерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық ұйымдарға, кәсіподақ ұйымдарына жазаны жеңілдету туралы өтінішпен жүгініп, өз үлесімізді қосқымыз келеді", - деп атап өтті Кенжеғалиев.

Дәрігер орталық ұжымы сот үкімімен келіспей, жұмыстан босату туралы жаппай өтініш жазғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Ақпарат бойынша, медицина қызметкерлерімен мәслихат депутаттары, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков пен әкімнің орынбасары Бақытгүл Хаменова кездесу өткізген. Олар дәрігерлердің өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Бұған дейін Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мұздатқыштағы сәбидің өлімі туралы іс бойынша облыстық перинаталдық орталық дәрігерлеріне қатысты үкім шығарған еді. Сот Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға, Асқар Қайыржанды 16 жылға, Тамила Құлбатырованы 15 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Мұздатқыштағы нәресте өлімі: атыраулық дәрігерлер сотта жанжал шығарды

Еске салайық, 2019 жылдың қыркүйек айында Атыраудың перинаталдық орталығында жанжал шыққан болатын. Сол кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдолла облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері Атырауда жаңа туған баланы өлтірді деген күдікке ілінгенін хабарлаған.

Ол жедел шаралардың нәтижелері бойынша бала туғаннан кейін немқұрайды қарап, өлі туды деп жазған, бірақ іс жүзінде бала тірі болған. Бала тіршілік белгілерін көрсеткеннен кейін дәрігерлер оны жансақтау бойынша шұғыл шаралар қабылдауға мүмкіндігі болған, алайда дәрігерлер толтырылып қойған құжаттарға сәйкес әрекет етуді ойлап, арты жаңа туған нәрестенің өлімімен аяқталған. Дәрігерлердің бұл әрекетіне себеп ретінде базада толтырылып қойған және түзетілмейтін құжаттар аталған.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева бірден отставкаға кетті. 2020 жылғы ақпанда ол ҚК-нің 371-бабының 2-бөлігі ("Ауыр зардаптарға әкеп соққан немқұрайдылық") бойынша кінәлі деп танылып, бес миллион теңге айыппұл салу туралы үкім шығарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети