20 маусым 2023 12:51

"Мылтық, макаров тапаншасы мен көліктер тәркіленді". ШҚО-да ұсталғандар туралы полиция пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

polisia.kz кадры

Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысында ұсталғандардың жай-жапсарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысында ұсталғандардың жай-жапсарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін ҰҚК Өскеменде екі қылмыстық топ "текетірес" ұйымдастырмақ болғаны туралы хабарлама жариялаған болатын. Кейін Ішкі істер министрлігі күдіктілерді ұстау кезінде қарудан бөлек 3 көлік тәркіленгенін айтты.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскемен қаласында текетіресте жүріп, кездестіру ұйымдастырмақ болған қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Нәтижесінде полицияға 20 ұсталған адам жеткізілді, олардан заттай дәлелдемелер ретінде: 2 Макаров тапаншасы, 2 травматикалық тапанша, 1 мылтық, 1 тегіс ұңғылы мылтық, 1 жарық-шу гранатасы және 23 түрлі калибрлі патрон тәркіленген. Сондай-ақ, 3 бірлік автокөлік тәркіленді.

Содан кейін, Катонқарағай ауданының аумағында кәсіпкерді аса ірі мөлшерде бопсалаған осы қылмыстық топтың қатысушылары ұсталды. Аталған дерек бойынша 8 адам ұсталып, оның 4-уі қамауға алынды.

Құқық қорғау органдарының жедел әрекеттерінің арқасында ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін деген қылмыстардың жолын кесуге мүмкіндік туды.

Қылмыстық жанжалдың себебін және осы істің басқа да мән-жайларын ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Атыс қаруын тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети