Нәрестесін әжетханаға тастап кеткен әйел ана құқығынан айырылды

10 Ақпан 2017, 22:17
1
Нәрестесін әжетханаға тастап кеткен әйел ана құқығынан айырылды - © Тengrinews.kz
© Тengrinews.kz

Жамбыл облысында тасжол бойындағы әжетханаға нәрестесін тастап кеткен әйелді ана құқығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының ювеналды сотына сілтеме жасап.

"Жамбыл облысының сотымен Тұрар Рысқұлов ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органының шағымы қаралды. Сот шешімі бойынша шағым қатанағаттандырылды. Жауапкер әжетханаға тастап кеткен қызы мен әжесінің қолындағы үлкен қызына қатысты ана құқынан айырылды. Сонымен бірге, әйелден балаларды асырауға алимент өндірілді. Әйел бұл шешімге бір ай ішінде шағымдана алады", - деді судья Ербол Дүйсенбаев.

Осылайша, сот шешімі заңды күшіне еніп, 6 ай уақыт өткеннен кейін кезекте тұрғандар балаларды асырап ала алады. Құқынан айырылған ана да құқығын қалпына келтіре алады. Бұл үшін ол түзелгенін және жағдайын түзегенін сотта дәлелдеуі керек. 

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 3 қаңтарында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолындағы қоғамдық әжетханадан жаңа туған сәби табылған болатын. 8 қаңтарда полицейлер дәретханаға жаңа туған сәбиін тастаған келіншекті тапты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай