16 наурыз 2021 13:13

"Несие алуға көмектесемін". Алматыда алаяқтықпен айналысқан жұп ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Алматыда алаяқтықпен айналысқан жұп ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда алаяқтықпен айналысқан жұп ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында туған 1991 жылғы ер адам және оның 28 жастағы құрбысы алдау және сенімге кіру арқылы бөтеннің ақшасын ірі көлемде заңсыз иемденді деген күдікке ілінді.

"Олар қылмыс жасау мақсатында интернет-ресурстардың бірінде хабарлама жариялаған. Онда "несие алуға көмектесетіндері" жазылған. Олар жәбірленушілерге несие алу үшін алғашқы төлем қажет екенін айтып, ақшаны алғанан кейін соманы мобильді банкинг арқылы басқа картаға аударып, қолма-қол ақшаға айналдырып алып отырған", – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров. 

Олар Алматы облысында ұсталды. Қазіргі уақытта алаяқтық әрекеттен зардап шеккен 12 жәбірленуші анықталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети