01 шілде 2016 11:30

"Нұр Астана" мешітінде келушінің жеке заттарын ұрлаған адамға кешірім берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© skyview.kz © skyview.kz

"Нұр Астана" мешітіндегі тонау ісі сотқа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Нұр Астана" мешітіндегі тонау ісі сотқа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласының №2 Есіл аудандық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталып отырған ер адамның ісін қарады.

"Сотта 2016 жылдың 19 мамырында А есімді азамат "Нұр Астана" орталық мешітінде жәбірленушінің жеке заттарын ұрлаған. Сот тыңдауы кезінде тараптар дауды реттеу туралы медиациялық келісімге келді, осыған байланысты қылмыстық іс тоқтатылды", - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметіндегілер. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Осыған дейін Астанада әр жұмада Хазрет Сұлтан мешітінде келушілердің жеке заттарын ұрлаған адам ұсталған еді. Кейін полицейлер оның бес рет ұрлық жасағанын дәлелдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети