Нұр-Сұлтанда ауданның экс-әкімі пара ретінде iPhone алғаны үшін сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Асқар Есілов Асқар Есілов

Нұр-Сұлтанда Байқоңыр ауданының экс-әкімі Асқар Есіловке қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда Байқоңыр ауданының экс-әкімі Асқар Есіловке қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Есіл ауданының №2 аудандық сотының 2020 жылғы 17 ақпандағы үкімімен Байқоңыр қаласының бұрынғы әкімі А.С.Есілов құны 515 000 теңге тұратын ұялы телефон түріндегі пара алғаны және футбол алаңдарын салу бойынша қосалқы мердігерлік жұмыстарды (ҚК 366-бабы, 2-бөлігі) алғаны үшін, сондай-ақ кәсіпкер С.С.Нұртазин пара бергені үшін (ҚК 367-бабы, 2-бөлігі) кінәлі деп танылды", - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сотталушылардың қылмысты жасағаны үшін өкінгені, кінәсін толық мойындағаны, асырауында жас балалары бары ескеріле отырып, іс сотқа дейінгі жеделдетілген өндіріс тәртібінде тергелген.

Сот отырысы барысында прокурор оларды кінәлі деп танып, Асқар Есіловке 15 450 000 теңге мөлшерінде және Нұртазинге 725 000 теңге айыппұл салуды сұраған.

Есіловке 15 450 000 теңге көлемінде, Нұртазинға 7 725 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Екі сотталушы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

"Айыппұл төлеуден қасақана жалтарған жағдайда жазаның бұл түрі бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін. Үкім заңды күшіне енбеген", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Байқоңыр ауданының бұрынғы әкімі Асқар Есілов, Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Сансызбай Есіловтің ұлы сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінгені хабарланған. "Ол ауданды абаттандыру және жалпы қамқорлық бойынша қосалқы мердігерлік жұмыстарды алуға көмектескені үшін жеке компания өкілінен iPhone-ның соңғы үлгісі түрінде пара алды деген күдікке ілінген", - деген еді 23 қаңтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.33  course up  619.98  course up  6.8  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer