09 қазан 2021 10:48

Нұр-Сұлтанда әйел мен мектеп оқушысын тонаған ер адам видеоға түсіп қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақылау камерасынан алынған кадр Бақылау камерасынан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда полицейлер астаналық әйелдерге шабуыл жасаған қарақшыны "ізін суытпай" ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда полицейлер астаналық әйелдерге шабуыл жасаған қарақшыны "ізін суытпай" ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күндіз 44 жастағы әйел мен 13 жатағы қызға белгісіз ер адам шабуыл жасаған.

Қарақшы Қошқарбаев көшесінде өтіп бара жатқан адамдардың көзінше қала тұрғынына шабуыл жасаған. Ол әйелдің сөмкесін күшпен тартып алуға тырысқан, бірақ өтіп бара жатқан ер адам көмекке келгендіктен қарақшы қашып кеткен.

Оқиға бақылау камерасына түсті.

Қарақшы екінші рет 13 жастағы қызға шабуыл жасап, одан мектеп рюкзагын тартып алды.

Куәгерлер 102-ге қарақшылық туралы хабарлады. Оқиға орнына патрульдік полиция жасақтары келді.

Жедел іс-шаралар барысында 36 жастағы күдіктіні патрульдік полиция қылмыс орнына жақын жерде ұстады.

Аталған факт бойынша "Тонау" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай дәлелдемелер алынып, иесіне қайтарылды.

Полиция департаменті қаланың көмекке келген қала тұрғындарына алғыс білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети