08 қыркүйек 2021 11:56

Нұр-Сұлтанда балалар үйінің қызметкерлері 25,9 миллион теңге жымқырды деп айыпталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қаржылық мониторинг агенттігі Нұр-Сұлтандағы балалар үйінен 25,9 миллион теңге ұрланғанын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржылық мониторинг агенттігі Нұр-Сұлтандағы балалар үйінен 25,9 миллион теңге ұрланғанын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Qamqor жедел алдын алу іс-шарасы аясында елордадағы балалар үйлерінің бірінен жетім балаларға тамақ сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу басталған.

"Тергеу нәтижесі бойынша, мекеменің директоры мен бас бухгалтері сатып алу ережелерінде көзделген рәсімдерді сақтамай, бақыланатын кәсіпорынмен азық-түлік өнімдерін жеткізуге келісімшарт жасасқанын анықтады. Оған қоса компанияның бастығы бас бухгалтердің бұрынғы жұбайы екені анықталды", - делінген хабарламада.

2019-2020 жылдарға жасалған келісімшартқа сәйкес, шенеуніктер осы компания арқылы жетім балаларға тамақ сатып алуға бөлінген 130 миллион теңге бюджет қаражатынан 25,9 миллион теңгені жымқырған.

Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, деп қосты агенттік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети