18 ақпан 2021 15:22

Нұр-Сұлтанда ер адам 78 жастағы зейнеткерді тонап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда 78 жастағы зейнеткерді тонап кеткен. Полицейлер күдіктіні камера арқылы анықтап, ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда 78 жастағы зейнеткерді тонап кеткен. Полицейлер күдіктіні камера арқылы анықтап, ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оқиға туралы полицияға 78 жастағы зейнеткер хабарлады. Қарияның айтуынша, түскі уақытта ол Бейсекова көшесімен үйіне бара жатқан. Осы уақытта жанына бір жас жігіт келіп, жақын жердегі түскі ас ішуге болатын орындарды сұраған. Қария күдіктенбестен жолды түсіндіріп жатқанда, ер адам оны жұдырықпен ұрып құлатқан", - деді полиция қызметкерлері.

Қарақшы зейнеткердің ақшасы мен құжаттары бар әмиянын және екі ұялы телефонын тартып алып, оқиға болған жерден қашып кеткен.

"Қарақшы ақша мен ұялы телефонды иемденіп, құжаттарды лақтырып жіберген. Елордалық полиция департаментінің жедел басқару орталығы қызметкерлері күдіктіні анықтады. Олар 30 жастағы ер адамды ұстады. Ұсталған азамат бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды", - деп хабарлады департамент өкілдері.

Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды. "Тонау" бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети