04 қараша 2019 10:59

Нұр-Сұлтанда есірткі сатқан ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары есірткі сатқан елордалық тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары есірткі сатқан елордалық тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері бұрын сотталған, 50 жастағы қала тұрғынын есірткі сатқаны үшін ұстады. Аталған адамның мекенжайы бойынша аса ірі көлемде "героин" табылып, тәркіленді. Ұстау барысында ол заттай дәлелдемеден құтылуға әрекет жасады. Осы факті бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде. Жыл басынан елордалық полицейлер 100 келіден астам әртүрлі есірткі заттарын, оның ішінде "героин", "синтетикалық" есірткі тәркіледі", - делінген қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, бүгінде "Есірткі сату" бабы бойынша 65 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, әртүрлі есірткі қылмыстарына қатысты бұзушылық жасалғаны үшін 345 қылмыстық іс қозғалған. 

"Биыл 5 шілдеде есірткінің жиынтық кестесіне өзгірістер енгізілді. Осы өзгерістер заңды күшіне енуінен бастап Нұр-Сұлтан қаласы ПД ЕҚҚІҚБ "синтетикалық" есірткімен байланысты 58 қылмыстық іс тіркеді. "Интернет-кеңістікті" мониторингілеу барысында және азаматтардың белсенді ұстанымы арқасында синтетикалық есірткі таратумен байланысты 100-ден астам сайт анықталды. Осы сайттарды бұғаттау үшін алынған ақпарат тиісті органдарға жолданды. Сонымен қатар, үйлердің қабырғаларында және кіреберістерде 200-ден астам есірткі сатылатын орындарды насихаттайтын граффити-суреттер жойылды", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети