18 қаңтар 2022 13:22

Нұр-Сұлтанда жасөспірім біреудің көлігін сатып жіберген

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда жасөспірім көлік иесінің есікті ашық қалдырғанын пайдаланып, бөтен көлікті сатып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық комендатураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда жасөспірім көлік иесінің есікті ашық қалдырғанын пайдаланып, бөтен көлікті сатып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық комендатураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға елорда тұрғынынан түнгі уақытта Бейбітшілік көшесіндегі үй ауласынан белгісіз біреу ақауы бар Lada Priora көлігін ұрлап кеткені туралы арыз түскен.

"Көлік иесі есікті ұзақ уақыт ашық қалдырғаны белгілі болды. 17 жастағы жасөспірім осы жағдайды пайдаланған. Өзін көлік иесімін деп таныстырған жігіт танысына аз сомаға "көлігін" сатып алуды ұсынған. Сатып алушы көлікті тіркеп, сүйреп алып кеткен", - делінген хабарламада.

Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны айтылды. Кәмелетке толмаған адамды ювеналды полиция қызметкерлері бақылауға алды. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия оны девиантты мінез-құлық көрсеткен балаларға арналған арнайы мектепке жіберуге шешім қабылдады. Соңғы шешімді сот шығарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети