Нұр-Сұлтанда ЖШС директоры 32 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

08 Қараша, 11:33
0
Нұр-Сұлтанда ЖШС директоры 32 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді -

"Астана-Көкше" ЖШС директоры аса ірі көлемде бюджет қаражатын иемденді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша "Астана-Көкше" ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады.

"Ол "М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры" МҚКК ғимаратын қалпына келтіруге бөлінген 32 миллион теңге сомасындағы қаражатты иемдену жолымен жымқырғаны үшін күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Күдікті кінәсінің деңгейі туралы соңғы шешімді сот шығарады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай