20 сәуір 2022 11:21

Нұр-Сұлтанда мемлекетке 6 миллиард теңгеден аса шығын келтіргендер сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото: ©Тұрар Қазанғапов

Қаржы мониторингі агенттігінің астаналық департаменті ақша қаражатын заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру саласындағы қылмыстық іс-әрекеттің жолын кесу бойынша операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚМА мәліметі бойынша, ұсталған адамдар тобы заңды рәсімдерді айналып өтіп, қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан. Олар бақыланатын 35 кәсіпорыннан жалған шот-фактуралар жазып берген. Бірақ олар іс жүзінде қызмет көрсетпеген және жұмыс істемейді.

"Ұсталғандар мемлекетке 6 миллиард теңгеден астам шығын келтірген. Сот алты кінәліге де бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген хабарламада.

Барлық айыпталушы 10 жыл мерзімге кәсіпкерлік қызметте басшылық қызмет атқару құқығынан айырылған.

Төленбеген салықтар бақылау және салықтық тексеру аясында контрагенттерге толық көлемде ұсынылатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети