01 қыркүйек 2016 17:49

ОҚО-да 17 жастағы Айгерім Оспанбекованы айуандықпен өлтірген таксистке үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да 17 жастағы студент қыз Айгерім Оспанбекованы айуандықпен өлтірген таксистке үкім шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Дәурен Мадалиевке сілтеме жасап хабарлайды. 


ОҚО-да 17 жастағы студент қыз Айгерім Оспанбекованы айуандықпен өлтірген таксистке үкім шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Дәурен Мадалиевке сілтеме жасап хабарлайды. 

ОҚО тұрғыны Айгерім Оспанбекованы айуандықпен өлтіргені үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Оқиға 10 мамырда болған. Сол күні сотталушы Әлішер Арғымбаев өз көлігімен қызды Шымкентке дейін жеткізіп тастамақ болған. Судьяның айтуынша, Айгерім өз құрбысына смс-хат жазған: "Жүргізуші біртүрлі адам, қорқып отырмын. Шымкентке әрең жеттім". Алайда құрбысы телефон соға бастағанда, Айгерім жауап бермеген. Іс материалдарына қарғанда, Шымкентке 15 шақырымдай жер қалғанда жүргізуші көлігін тоқтатып, қыздың кеудесіне бұрауышпен 8 рет соққы жасаған.  

Кейін оның мойнын, қолын және аяғын скотчпен орап, Бағыс ауылының маңында көміп кеткен. Ол қыздың 8,5 мың теңгесі мен ұялы телефонын ұрлап алған. Қыз із-түссіз жоғалды деп есептеліп, екі апта бойы іздеуде болған. Қыздың мәйітін жергілікті тұрғын тауып алыпты. "Сотталушының кінәсі дәлелденді. Өз қылмысын мойындамады, бірақ дәлелдер оның келтірген дәйектемелерін жоққа шығарды. Ол сол күні Шымкентте болғанын айтты, ал ұялы телефонды жолаушылар берген деді. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі және 188-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылды", - деді Дәурен Мадалиев. 

Сонымен қатар, сотталушы жәбірленуші тарапқа моральдық шығын келтіргені үшін 3 миллион теңге төлеп беруі тиіс. Қаза болған Айгерімнің отбасы бұл үкімнің жеңіл екенін айтып отыр. Мәселен, прокурор 17 жыл сұраған, бірақ ер адамның екі кішкентай баласы болғанын есепке алып, судья мерзімді 16 жылға қысқартыпты. Сотталған Әлішер Арғымбаевтың отбасы оның кінәсі дәлелденбегенін айтып, апелляция беруге ниетті.   


Қыздың ата-анасы. © Tn.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети