12 сәуір 2016 16:53

ОҚО-да 6 жасар Мұхаммед Қамшыбекті ұрлаған әйел өз әрекетін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж ©Tengrinews.kz Коллаж ©Tengrinews.kz

ОҚО-да алты жасар Мұхаммед Қамшыбекті ұрлап кеткен әйел психиатрлық ауруханаға жатқызылды, мұнда ол сараптамадан өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ОҚО ІІД тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Тофик Азадов 60 жастағы әйелге қатысты сот-психологиялық-психиатрлық сараптаманың тағайындалғанын айтып берді. 60 жастағы әйел балаларды жақсы көретіндігі үшін бұл іске барыпты.

ОҚО тергеу басқармасындағылар әйелдің баланы неліктен ұрлап кеткенін түсіндірді. "Ол балаларды көрсе өз-өзін ұстай алмай, өзімен бірге алып кеткісі келетінін, яғни баланы иемденіп алғысы келетінін айтып берді. Бұдан басқа ештеңе түсіндіре алмады", - деді Азадов.

"Біздің облыстық сараптамамыз сарапшыларға қойылған сұрақтарға нақты жауап бере алмады. Олар ұсталған әйелді Алматыға емдеуге және тексерілуіге жөнелту керек деді. Кейін мамандар оның ақыл-есінің дұрыс-бұрыстығына ұатысты нақты жауап бере алады. Ол биыл 28 наурызда сол жаққа кезеңделді, қазір ол Алматыда қамауда. Егер оның ақыл-есі дұрыс емес деген қорытынды жасалса, оны мәжбүрлі ем қабылдауға жіьереді, ал егер ақыл-есі дұрыс болса айыптау қорытындысын сотқа жолдаймыз", - деді Тофик Азадов.

Еске салайық, Мұхаммед Қамшыбек 20 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен еді. Баланы Амангелді ауылындағы мектептен үйіне қарай кетіп бара жатқан жерінен алып кеткен. Осыдан кейін оны ешкім де көрмеген. Куәгерлер оны 50-55 жас шамасындағы әйелдің алып кеткенін айтып берген еді. Полицейлер оның фотороботын жасады. Кейін ол бірнеше күт өткеннен кейін Арыс қаласынан табылды. Осыдан кейін бала ұрлаған әйел осыған дейін де бала ұрлаумен айналысқанын мойындады. Сонымен қатар, оның 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы да мүмкін екендігі хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети