ОҚО-да алаяқтыққа күдікті полицей ұсталды

09 Маусым 2017, 11:09
0
ОҚО-да алаяқтыққа күдікті полицей ұсталды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар болуы мүмкін полицейді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Арыс ауданының тұрғыны полицейлердің қиыршық тасты өз бетінше пайдаланғаны үшін 300 мың теңге талап етіп отыр деп арызданған.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде Арыстың 1980 жылы туған АІІБ қызметкері ұсталды. Қазір полицей қамауда отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар, жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД және ҰҚКД қызметкерлерінің бірігіп өткізген шаралары кезінде Абай аудандық полиция бөлімінің 4 қызметкері және Отырар АІІБ-нің 4 қызметкері ұсталған.

"ОҚО ІІД-нің басшылығы өз қатарын тазалау бойынша қатаң шараларды жалғастырады. ІІД-де жеке құрамның заң бұзушылық пен қылмыс жасауына жол бермеуге бағытталған алдын алу шаралары өткізіліп тұрады", - делінген ведомство хабарламасында.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай