23 ақпан 2017 13:48

ОҚО-да екі ер адам полицейге шабуыл жасап, оның көлігін мініп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында Бәйдібек ауданында екі ер адам учаскелік инспекторға қарсылық көрсетіп, шабуылдап, оның автомобилін мініп кеткен, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оңтүстік Қазақстан облысында Бәйдібек ауданында екі ер адам учаскелік инспекторға қарсылық көрсетіп, шабуылдап, оның автомобилін мініп кеткен, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 21 ақпанда шамамен 22:00-де Түйетас ауылында болған. Инспектор жолда күмәнді автомобильді көріп, тоқтатады. Көлік жүргізуге рұқсат беретін қағаздар мен көлік құжаттарын сұраған уақытта олар қарсылық көрсеткен. 

"Екі адам полицияның аға сержантына қарсылық көрсеткен, оны балағаттап, дене жарақатын салған. Осыдан кейін қаскөйлер полицейге тиесілі "ВАЗ" көлігін мініп, оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында Бәйдібек ауданы және Шымкент қаласының 1972 және 1979 жылғы тұрғындары ұсталды", - дейді ведомстводағылар. 

Осы дерек бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің төрт бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл баптар: 200-бап "Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу", 378-бап "Билік өкiлiн қорлау", 379-бап "Билік өкіліне бағынбау" және 380-бап "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану".

Күдіктілер қамауға алынған. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын толықтай тексеріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети