25 шілде 2016 13:51

ОҚО-да жоғарғы оқу орнының ректоры өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті © refdb.ru Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті © refdb.ru

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Жұмахан Мырхалықовқа қатысты "Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану" бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы ОҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіндегілердің Tengrinews.kz тілшісі жіберген ресми сауалға берген жауабында айтылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіндегілердің айтуынша, 2016 жылдың 28 маусымында Тараз қаласының тұрғынынан Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры мен басқа қызметкерлердің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, жеке және заңды тұлғалардан 2012-2016 жылдарға арналған мемлекеттік сатып алуларда ойдағыдай қорытындыларды жасау үшін жүйелі түрде пара алып жүргені туралы ақпарат түсті. Сондай-ақ, ректор жоғарғы оқу орнының жатақханасын заңсыз түрде жекешелендіріп, мемлекеттің қаражатын жымқырған делінеді.

"2016 жылдың 29 маусымында ОҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіндегілер бұл деректі ҚР Қылмыстық Кодексінің "Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану" бабы бойынша бірыңғай тіркеу реестріне тіркеді", - деді департамент өкілдері. Ведомстводағылардың айтуынша, қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети