Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Өмірияевтің ісі тергеуге қайта жіберілмейтін болды

08 Қазан 2014, 11:19
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Мүсілім Өмірияевтің істі қосымша тергеуге жіберілмейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министріне қатысты қылмыстық істі қарап жатқан судья сотталушының адвокатының істі қайта қарау туралы өтінішін қабылдамады.

Бір апта бұрын Өмірияевтің қорғаушысы соттан істі тергеуге қайта жіберуді және қылмыстық жауапкершілікке басқа тұлғаларды: алматылық кәсіпкер Станислав Макаренко мен оның серіктесі Евгений Антимоновты тартуды сұраған болатын. Тергеудің мәліметінше, алғашқыда іс бойынша біріншісі - пара беруші, екіншісі делдал ретінде өткен. Айта кетейік, нағыз қылмысты ашуда белсенді араласқаны үшін бұл екеуіне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған болатын.

"Сот қаулы етеді: адвокат Русиннің Өмірияевтің мүддесі үшін берілген, қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару туралы өтініші қабылданбасын", - деді судья Ербол Рахымбеков.

Бүгін төрағалық етуші судья сот тараптарды қатар тыңдауға көшетінін хабарлады. Ертең, 9 қазанда процеске қатысушылар соңғы сөзін айтады, ал прокурор сотталушы үшін жаза сұрайды. Сөйтіп, осы жылдың 2 қыркүйегінде басталған сот процесі аяқталуға таяды.

Бұрынғы вице-министр Мүсілім Өмірияевке қатысты қылмыстық істі тергеу өткен жылдың желтоқсан айында басталып, осы жылдың мамырына дейін созылған еді. Осы уақыт ішінде Өмірияев тергеу изоляторында отырды. Жоғары лауазымды шенеуніктің ұсталғаны 2013 жылдың 22 желтоқсаны күні белгілі болды. Сол кезде ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков қарамағындағы қызметкерге араша түсіп, егер оның кінәсі дәлелденсе, отставкаға кететінін мәлімдеді. Еске сала кетейік, Өмірияев аса ірі көлемде пара алды деп айыпталып отыр.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай