Оңтүстік Қазақстанда екі ер адамның қызды өлімші етіп сабағаны бейнеленген видео Интернетте жарияланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© YouTube © YouTube

Оңтүстік Қазақстан облысында көше ортасында қызды өлімші етіп сабаған екі адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ер адамдардың қызды ұрғаны бейнеленген видео YouTube видеохостинг жүктелді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстан облысында көше ортасында қызды өлімші етіп сабаған екі адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ер адамдардың қызды ұрғаны бейнеленген видео YouTube видеохостинг жүктелді.

Оқиға 28 маусымда Мақтарал ауданында болды. Видеодан қыздың екі ер адамның соңынан ергенін көруге болады. Қыз олардың бірін белгісіз себептермен балағаттай жөнеледі. Екі жігіттің бірі қызды сабасына түсірмек болып, оның қолынан ұстайды. Дегенмен қыз жігіттің айтқанына көнбей, екіншісіне тұра ұмтылады. Бұдан кейін ашуланған жігіт қызды өлімші етіп сабайды. Осылайша қыз екі минут шамасында таяқ жейді.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер бар!

Видео Nur.kz сайтынан алынды

Куәгерлер қызға араша түспеді. Олардың маңынан өткен ер адам ғана қызды ұрып жатқан жігітті сабасына түсуге шақырды. Видео жігіт қызды сөмкесімен басынан ұрып жатқан жерінен аяқталады.

Облыстық полиция жәбірленуші қыздың шағым түсіргенін, оқиға болғаннан кейін бірнеше күннен соң қызды ұрғандардың ұсталғанын хабарлады. Екі ер адам да 1980 жылы туған. Олар кінәсін мойындады. Жанжалдың неден туғаны анықталып жатыр. "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.57  course up  522.2  course up  5.46  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer