20 мамыр 2015 09:59

Оңтүстік Қазақстанда Интернет арқылы жас қыздарды бопсалайтындар пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elle.ru © elle.ru

Оңтүстік Қазақстанда Интернет арқылы жас қыздарды бопсалайтындар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оңтүстік Қазақстанда Интернет арқылы жас қыздарды бопсалайтындар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде жас қыздарды қорқыту арқылы ақша талап ету қылмысы бойынша 2 жайт тіркелген. Сондықтан полиция қызметкерлері азаматтарды қырағы болуға және өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік желі арқылы танысудан сақтануды ескертіп отыр.

Мысалы, мына оқиға таяуда болды. ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Шымкент қаласының 28 жастағы азаматшасы, бір танысы одан қорқытып ақша талап етіп жатқаны жайлы арызданған. Жәбірленуші азаматша полиция қызметкерлеріне өзіне қоқан-лоқы көрсетіп жүрген 1990 жылы туған азаматпен 2013 жылдың желтоқсан айында әлеуметтік желі арқылы танысқанын айтқан.

"Жаңа танысымен кездесу кезінде, сол мезетті пайдаланған жаңа танысы, соңынан сурет құрастыру үшін, жәбірленушінің бірнеше фотосуретін түсіріп алған. Кейін суреттерді оның күйеуіне көрсетіп және Интернет желісіне жайып саламын деп жәбірленуші азаматшаны бопсалап, қорқытқан. Сөйтіп жәбірленушіні 1,5 миллион теңге төлеуге мәжбүр еткен, қазіргі уақытта тағы да қоқан-лоқы көрсетіп жәбірленушіден 70 мың теңге талап еткен", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "бопсалаушыға" ақша беру кезінде, 1990 жылы туған Шымкент қаласының тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Айғақ зат ретінде ақша, бейне және фото материалдар тәркіленді. Полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың осындай әдіспен өзінің материалдық жағдайын жақсартып алуды көздегенін анықтады. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 194-бабы "Қорқытып алушылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азамат қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети