21 қаңтар 2022 08:48

"Операторды балғамен ұрған": Ақтөбеде жанармай құю бекетіне шабуыл жасалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

diapazon.kz сайтынан алынған кадр diapazon.kz сайтынан алынған кадр

Ақтөбеде жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған екі күдікті ұсталды. Бұл туралы Ақтөбе облысының ПД хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.


Ақтөбеде жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған екі күдікті ұсталды. Бұл туралы Ақтөбе облысының ПД хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.

Күдіктілердің қылмысы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бас киімін түсіре киіп, медициналық маскамен бетін тұмшалаған қылмыскерлер қаланың қақ ортасындағы жанармай бекетін тонамақ болған. Бірі қолына балға ұстап, екіншісі пышақпен қаруланған. Іште жүрген жанармай құюшы операторды балғамен ұрып, кассирді пышақпен қорқытып 100 мың теңге, ұялы телефон және бірнеше темекі алып кеткен. 

Полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізіп, екі күдіктіні анықтап, ұстады. Олардан ұрланған заттар тәркілеген.

Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Досым екеуміз оның үйінде ішімдік ішіп отырдық, содан кейін мен оған жанар-жағармай құю бекетін тонауды ұсындым. Бірден, тіпті ойланбастан, сол жаққа бардық. Мен мас болдым, істеген ісіме өкінемін", - деді күдіктінің бірі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети