04 желтоқсан 2020 15:42

Оралда 8 үйге түскен 25 жастағы ұры ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Оралда полиция қызметкелері 8 рет үй тонаған 25 жастағы ұрыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.


Оралда полиция қызметкелері 8 рет үй тонаған 25 жастағы ұрыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Күдікті үйлерден бағалы заттарды, тұрмыстық техника мен ішіктерді ұрлаған.

Орал қаласы полиция басқармасы басшысының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары Нұрлан Бисеновтің айтуынша, осы жылдың қарашасында ескі әуежай аумағында ұрлық дерегі жиілеп кеткен. Ұрлық көбінесе кешкі сағат 17.00-ден 23.00-ге дейінгі аралықта жасалған.

"Ұрылар үйді бақылаған. Олар үйде ешкім болмаған кезде терезе арқылы кірген. Олар бағалы заттарды, алтын бұйымдар, ішіктер мен ноутбуктерді ұрлаған. Ең үлкен шығын - 1,5 миллион теңге. Іздестіру барысында полиция 25 жастағы тұрғынды ұстады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған", - дейді Бисенов.

Оның айтуынша, тәртіп сақшылары күдіктінің үйін тінту кезінде заттай айғақтар тапқан.

"Оның кейбір заттарды сатып жібергені анықталды. Ұрланған заттың бір бөлігі заңды иелеріне қайтарылды. Ер адам осы ауданда 8 рет ұрлық жасады деген күдікке ілініп отыр. Қазіргі таңда полицейлер оның басқа ұрлыққа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр", - дейді Орал қаласы полиция басқармасы басшысының орынбасары.

Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотта оның кінәсі дәлелденсе, ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети