1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Оралда ақша айырбастау пункті иесін тонағандар жазаланды 13 сәуір 2021, 14:24

Орал қалалық сотында айырбастау пункті иесін тонағандарға қатысты үкім шықты. Үш сотталушы ҚР ҚК-ның екі бабы бойынша кінәлі деп танылып, бас
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Орал қалалық сотында айырбастау пункті иесін тонағандарға қатысты үкім шықты. Үш сотталушы ҚР ҚК-ның екі бабы бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкім онлайн режимде жария етілді. Сотталушылар тергеу изоляторында үкіммен танысты.

"Құлымжанов ҚР ҚК-ның 188 бабы ("ұрлық") және ҚР ҚК-ның 191-бабы ("Тонау") бойынша кінәлі деп танылды. Оған қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде жазасын өтей отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Шәріповты орташа қауіпсіздік мекемесіне қамауға алу арқылы, 9 жылға, ал Акуновты 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын орташа қауіпсіз ҚАЖ мекемесінде өтейді", - деді судья Асқар Исмайлов.

Кейін судья үкімге түсініктеме берді.

"Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Сот жалған куәлік берген куәгерлерге қатысты жеке ұйғарым шығарды. Олар сотталушылар қылмыс жасау кезінде басқа жерде болған деп мәлімдеді. Прокурор оларды жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайтын болады. Қылмыстық жолмен келген қаражатқа сатып алынған автокөліктер мен ұялы телефондар мемлекет кірісіне қылмыс құралы ретінде алынды", - деді Асқар Исмайлов.

Сотталғандардың бірінің әпкесі үкіммен келіспейтінін айтып, шағымданатынын жеткізді.

"Ағамның қылмыс орнында болған бейнежазбалары ұсынылмады. Онда тек бір адам көрінеді. Болжам бойынша, Калымжанов. Ол есірткіге тәуелді. Ағам Бауыржан оған автокөлік сатқан, сол ғана. Мен әділеттілікке қол жеткіземін", - деді Зульфия Шәріпова.

Айта кетейік, 2020 жылдың 28 ақпанында Оралда айырбастау пунктінің иесін қарақшылар тонап кеткені хабарланған еді. Шығын шамамен 45 миллион теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!