05 тамыз 2019 14:58

Оралда әйел заңсыз некедегі жолдасын пышақтап өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда әйел заңсыз некедегі жолдасын пышақтап өлтірген, - деп хабарлайды "Мой Город".


Оралда әйел заңсыз некедегі жолдасын пышақтап өлтірген, - деп хабарлайды "Мой Город".

Басылымның мәліметінше, төтенше жағдай 1 тамызда болған.

Полицейлер екеуінің арасында жанжал шығып, нәтижесінде әйелдің ер адамға пышақ салғанын хабарлады. Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

"50 жастағы ер адамның кеудесіне пышақ салған. Дәрігерлер оған бірден ота жасады, бірақ жарақаттары өте ауыр болды. Өкінішке қарай, ер адам 2 тамызда қайтыс болды", - деп хабарлады БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлердің мәліметінше, әйел ұсталды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети