31 желтоқсан 2021 12:03

Оралда бұрынғы әйелін өлтірген экс-шенеунікке сот үкімі шықты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бауыржан Хайруллинге қатысты сот үкімі шықты. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бұрынғы қызметкеріне қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-түзету жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен қатар, 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Хайруллин қатыгездікпен кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Ол дайындықпен қылмыс жасады. Ол бұрынғы әйелінің жұмыс орнына жиналмалы пышақпен келіп, дене жарақатын салған. Әйел соққылардан қорғанғысы келген. Хайруллин соңғы соққыны мойнына тигізген. Содан кейін әйел қайтыс болды", - деді судья Бақыт Ермаханов.

Сондай-ақ, ол моральдық өтемақы ретінде 15 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Еске салайық, 2021 жылы 19 сәуірде Бауыржан Хайруллин бұрынғы әйелі Айнагүл Хайруллинаға 20-дан аса пышақ жарақатын салған еді. Марқұмның артында екі баласы қалды. Жәбірленуші тарап үкіммен келіспей, қатаң жаза беруді сұрады.

Оралда әйелін өлтірген экс-шенеунік ісі: жаңа деректер шықты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети