23 тамыз 2022 08:17

Оралда есірткі таратқан оқушы 7 жылға сотталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда есірткі таратқан 19 жастағы жігіт пен 15 жастағы оқушы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.


Оралда есірткі таратқан 19 жастағы жігіт пен 15 жастағы оқушы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Биыл 2 наурызда Орал станциясының маңын тексеру кезінде 15 жастағы жасөспірім мен оның 19 жастағы танысы ұсталды. Олардың оралған ұнтақты ағаш бұтақтарына жасырғандығы анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, ұсталғандардан алынған зат психотроптық зат болып шықты және оның жалпы салмағы 11 грамды құрады. Ұсталғандар "өз қызметін" Telegram арқылы жүргізген.

"Аталған дерек бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тергеу жүргізді.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 19 жастағы сотталушыға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ал оның 15 жастағы сыбайласы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети