03 тамыз 2021 10:16

Оралда жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс орындарын сатқан әйел ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Тұрар Қазанғапов Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Оралда жұқпалы аурулар ауруханасында бос жұмыс орындарын сатқан әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astanatv.kz телеарнасына сілтеме жасап.


Оралда жұқпалы аурулар ауруханасында бос жұмыс орындарын сатқан әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astanatv.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, ол жұқпалы аурулар ауруханасында санитар қызметін ұсынған және ол үшін 150-ден 400 мың теңгеге дейін ақы сұраған. Жұмысқа тұрғысы келгендер әйелге ақша берген, тіпті сол үшін несие алғаны да бар. Бірақ әйел ақшаны алғаннан кейін хабарсыз кеткен.

"Жалақысы жоғары жұмыс іздедім. Таныстарым бос жұмыс орны бар екені туралы айтып, бір нөмір берді. Жанарға хабарласқанымда 150 мың теңге төлеу керегін айтты. Ол үшін пайызбен қарызға ақша алдым. Әйел ақшамды алды да хабарсыз кетті. Енді ақша да, жұмыс та жоқ", - деді Орал қаласының тұрғыны Рая Исмағұлова.

Алаяқ әйелдің айтуынша, 16 шілдеден бастап бәрі жұмысқа шығуы керек болған. Зардап шеккендер бұл схеманың артында жұқпалы аурулар ауруханасы қызметкері тұр деп санайды. Бірақ мекеме директоры мұны жоққа шығарады.

"Біз арыз жаздық. ІІД өкілдері ешкімге шығын келтірілмегенін айтты, ақша қайтарылған дейді. Кейін алданғандардың өзінен сұрадым. Шын мәнінде алаяқтық дерегі бар. Біреуіне қайтарыпты, ал екіншісіне жоқ. Ол болса несие алған", - деді Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова.

Полицияға 70 өтініш түскен. 1991 жылы туған әйел алаяқтық жасағаны үшін ұсталды. Полиция оның осындай 30 дерекке қатысы барын анықтады. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети