24 желтоқсан 2018 11:12

Оралда өгей әкесі бес жасар ұлын кепілге алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда өгей әкесі бес жасар ұлын кепілге алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО бойынша Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оралда өгей әкесі бес жасар ұлын кепілге алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО бойынша Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 8 желтоқсанда сағат 11.15-те болған.

"Белгісіз екі адам төбелес шығарған. Оқиға орнына Орал қалалық Полиция басқармасы жол-патрульдік полициясының капитаны Мұхит Әбілхайыров пен лейтенант Жандос Кубаев барған.

Құқық қорғау органдары келгенде аулада ешкім болмаған. Бірақ полицейлер айғайды естіп, сол жаққа қарай барған. Онда ер адамның бес жасар ұлының тамағына пышақ тақап, одан анасын шақыруды талап еткені анықталды", -деп хабарлады полициядағылар.

Сол сәтте полицейлер ер адаммен сөйлескен. Кейіннен ол баланы жіберген. Полицейлердің мәліметінше, ер адам ұсталды. Оның 1993 жылғы әйелмен тұрғаны белгілі болды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы бойынша ("Қорқыту") сотқа дейінгі тергеу басталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети