16 сәуір 2015 10:44

Өскеменде менеджер әйел мүгедектерге арналған миллиондаған қаржыны жымқырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mgorod.kz ©mgorod.kz

Өскеменде көзі нашар көретін балаларға арналған мектеп-балабақша бюджетінен миллиондаған қаржы жымқырған әйел 5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өскеменде көзі нашар көретін балаларға арналған мектеп-балабақша бюджетінен миллиондаған қаржы жымқырған әйел 5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарындағы мәліметке сәйкес, ол "Қазақ соқырлар қоғамының Өскемен оқу-өндірістік кәсіпорны" ЖШС-де жұмыс атқарған. 2014 жылы қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Өскемен медициналық әлеуметтік мекемесімен, орталау жалпы білім беретін Крупская атындағы мектеп-интернатымен, көздері нашар көретін балаларға арналған №14 мектеп-балабақша кешенімен тауарларды жеткізіп тұруға шарт жасалғанда алаяқ әйел тапсырыс берушілерден түскен қаржының 3 249 636 теңге көлемінде ақшасын жымқырған. 

"Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен ол басқаның мүлкін аса үлкен көлемде иемденгені үшін кінәлі деп танылды. Оған жеке мүлкін тәркілу, 3 жыл мерзімге материалдық жауапкершілік қызметі құқығынан айыру және 5 жылға бас бостандығын айыру түріндегі жаза тағайындалды", - делінген баспасөз хабарламасында. Сонымен қатар, сот өкілдерінің айтуынша, қылмыскер жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтейтін болады.

Сонымен қатар, сотталушыдан "ҚСҚ ӨО ӨК" ЖШС-нің пайдасына 3 249 636 теңге, 97 489 теңге сомасындағы мемлекеттік баж салығы, сондай-ақ 45 062 теңге көлемінде сот шығындарын өндіруге міндеттелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети