24 маусым 2015 12:44

Өз әйелін таяқтап өлтірген доссорлық ер адамға жаза кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Novanews.com.ua © Novanews.com.ua

Өз әйелін таяқтап өлтірген доссорлық ер адам 12 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Ақжайық" басылымы.


Өз әйелін таяқтап өлтірген доссорлық ер адам 12 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Ақжайық" басылымы.

Басылымның мәліметінше, биыл 17 ақпанда Доссор ауылындағы үйлердің бірінен 51 жастағы әйелдің мәйіті табылған. Оның денесінде соққы іздері болды. Мақат ауданының прокуроры Тайтуллин құқық қорғау органының қызметкерлері қымыскерді ізін суытпай ұстағанын мәлімдеді. Ер адамның үйге мас күйде келіп, әйелімен жанжал барысында оны өлгенше ұрғаны белгілі болды. Сотта оның кінәсі толықтай дәлелденді.

Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық сот Доссор ауылының тұрғынын ҚР Қылмыстық Кодексі 99-бабының 1-бөлімі бойынша кінәлі деп тауып,12 жылға бас бостандығынан айырды.

Еске салайық, бұған дейін бұрынғы күйеуі мұғалім болып жұмыс істейтін әйелдің үстіне бензин шашып, өртеп жібергені хабарланған болатын. ІІД баспасөз өкілдерінің мәліметінше, күдікті "үй жанжалқоры" категориясы бойынша есепте тұр. Бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктіні ұстау үшін шаралар жүргізіп жатыр.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети