22 қазан 2020 18:13

Павлодар облысында ауыл әкімі мас күйде көлік айдағаны үшін жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысында ауыл әкімі мас күйінде қызметтік көлікті басқарып бара жатып ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында ауыл әкімі мас күйінде қызметтік көлікті басқарып бара жатып ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер Курчатовтағы қиылыстың бірінде Май ауданы Ақжар ауылының әкімі басқарған қызметтік көлікті тоқтатқан.

"Курчатовтағы әріптестеріміз оқиға туралы хабардар етті, біз мән-жайын білу үшін дереу сол жерге аттандық. Ауыл әкімі жұмыс уақытынан тыс уақытта, яғни сенбіде кешке қала ішінде қызметтік көлікті мас күйінде жүргізген", - деді Павлодар облысы этика жөніндегі уәкіл Дидар Ыбыраев.

Бұл ақпаратты Май аудандық сотының баспасөз қызметі растады.

Медициналық сараптама көрсеткендей, шенеунік қызметтік көлікті орташа деңгейдегі мас күйінде басқарған.

"Сот қаулысымен құқық бұзушы Әкімшілік кодекстің 608-бабы 1-бөлігі ("Көлік құралын масаң күйдегі адамның басқаруы") бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды", - депді соттың баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, сот оны жеті жылға кқлік жүргізу куәлігінен айырған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети