20 ақпан 2014 13:38

Павлодар облысында мал ұрлығын азайту деңгейі төмен

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Павлодар облысында мал ұрлығы өршіп тұр. Аталмыш факті бойынша қылмыстардың бетін ашу төмен деңгейде, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған аймақ басшысы Қанат Бозымбаев облыстың қала-аудандарын аралаған сапарлары барысында көз жеткізді. Мәселен, Екібастұз ауылдық аймағында 70 фактісі тіркелсе, оның тек екі оқиғасының ғана беті ашылған. Баянауыл ауданында 50 орын алған ұрлықтың 13-нің ғана беті ашылса, Лебяжі ауданында 47 мал ұрлығы болса да, үш оқиғаға қатысы бар қылмыскерлер ғана ұсталған. "Павлодар облысында қылмыстың өсу қарқыны қатты алаңдатады. Осы бағытта, ең алдымен, проблемалық аймақтарды анықтап, жаңа және жедел шешімдер қабылдауымыз керек. Мысалы, мен ауылдық аймақтарға барған кезімде азаматтардан мал ұрлығына қатысты шағымдар естідім және сол қылмыстардың ашылу деңгейі төмен екені айтылды. Адамдардың наразылығын түсінуге болады, себебі, ауылдық тұрғындардың негізгі табысы – мал өсіру. Құқық қорғау органдары мен атқарушы органдар арасында өзара іс-қимыл болмаса, мал ұрлығына қарсы күресу мүмкін емес", - дейді Қанат Алдабергенұлы. Облыс әкімі аталмыш мәселе бойынша алдын алу жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу үшін барлық тиісті мемлекеттік органдарды тарта отырып, жұмыс тобын құруды тапсырды. Айта кетерлігі, жергілікті құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға қомақты қаражат бөлу қарастырылуда. Сондықтан, олардан нәтиже талап етуге толық негіз бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети