04 қыркүйек 2018 16:03

Павлодар облысында шенеуніктерге жасалған тінту шараларының видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аса ірі көлемде пара алу бойынша Павлодар облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы және Экономикалық тергеу қызметі басқармасының басшысы күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Аса ірі көлемде пара алу бойынша Павлодар облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы және Экономикалық тергеу қызметі басқармасының басшысы күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы аса ірі көлемдегі пара алу күдіктері бойынша Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Байғұрманов және осы департаменттің экономикалық тергеу қызметінің басқарма басшысы Бейсенбаев ұстады.

"31 тамызда жасырын тергеу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде аталған тұлғалар осы жылдың наурыз айында қылмыстық істі тоқтату және 1,1 млрд. теңге мөлшеріндегі салықты салмау үшін ЖШС-нің өкілінен алған 100 мың АҚШ долларын қайтадан қайтару барысында әшкереленді", - делінген хабарламада.

Күдіктілердің тұрғылықты жері мен жұмыс орындарында іздестіру жүргізіліп, келесі заттар табылып, тәркіленді:
160 мың АҚШ долларынан асатын ақшалай қаражат, 10,5 миллион теңге және 9 жұп қымбат швейцариялық сағаттар.

Сол күні күдіктілер Байғұрманов пен Бейсенбаев ұсталып, Павлодар қаласының ІІД уақытша ұстау абақтысына қамалған.

Биыл 3 қыркүйекте екі күдікті де Павлодар қаласының тергеу соты санкциясымен қамауға алынған. Күдіктілер тарапынан ақша қаражаттарын заңсыз алу өтініш берушінің түсінігі бойынша, сондай-ақ басқа куәгерлер мен жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен расталады. Сотқа дейінгі тергеу аса ірі көлемдегі пара алу бабы бойынша жүргізілуде. Оның санкиясы мүлкін тәркілеп, мемлекеттік органдарда лауазымды қызметте болу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 70 еселенгеннен 80 еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалауды көздейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети