1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Павлодар облысындағы колонияда сотталушы қайтыс болды 10 мамыр 2021, 10:01

Павлодар облысындағы колонияда сотталушы қайтыс болды. Бұл туралы облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің өкілдері
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Павлодар облысындағы колонияда сотталушы қайтыс болды. Бұл туралы облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыс болар алдында екі ер адам жанжалдасып қалған. Оқиға 9 мамырда Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің АП-162/4 ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде болды. 

"8 мамырда кешке мекеменің санитариялық торабының үй-жайында кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан 44 жастағы сотталушы жанжалдан кейін басқа сотталушыны өлтірген. Алған жарақаттарының салдарынан жәбірленуші 9 мамырда өзінің жатын орнында қайтыс болды. Шұғыл шақыртылған жедел жәрдем бригадасы ер адамның қайтыс болғанын анықтады", - деді ведомство өкілдері.

41 жастағы жәбірленуші медициналық көмек алу үшін мекеме әкімшілігіне шағымдар мен өтініш жасамаған. Ол кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін сотталған. Павлодар облысындағы колонияға жақында келген. 

"Бұл дерек бойынша материалдар тіркеліп, соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаны мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына жедел тергеу тобы, прокуратура, қауіпсіздік қызметі және ҚАЖ департаментінің өкілдері келді", - деді Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Firebase Cloud Messaging