16 қараша 2022 12:03

Павлодар тұрғыны пәтерде өлі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: ©Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: ©Тұрар Қазанғапов

Павлодар тұрғыны қаладағы пәтерлердің бірінен өлі табылды. Ол оқ жарақатын алған. Полицейлер ер адамның өлімінің себептерін анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар тұрғыны қаладағы пәтерлердің бірінен өлі табылды. Ол оқ жарақатын алған. Полицейлер ер адамның өлімінің себептерін анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Telegram-арналардың бірінің мәліметінше, марқұм 23 жаста болған. Ер адам полицейдің туысы екені айтылған. Әлеуметтік желілерде марқұмның басына оқ атылғаны жазылған. Жазбаға сәйкес, оқ туысы түскі үзіліс кезінде үстел үстінде қалдырып кеткен қызметтік тапаншадан атылған.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі адам өліміне әкелген оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

"Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, соталды тергеу амалдары жария етілмейді", - деп түсіндірді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети