Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Павлодарда банк күзетшісі пин-кодтарды ұрлап, қыруар қаржыны қолды қылған

07 Желтоқсан 2015, 15:57
0
© finance.tut.by
© finance.tut.by

Павлодарда банк күзетшісі клиенттердің есепшоттарының пин-кодын ұрлап, 14 миллион теңгені қолды қылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу нұсқасы бойынша, ер адам Павлодардағы банк филиалдарының бірінде күзетші болып жұміс істеген, сонымен қатар, пластикалық карталар мен пин-конверттерді беруге жауапты болған. "Ол 2008 жылы банк клиенттерінің есепшот пин-кодтарын жазып алған. Ал 2015 жылдың сәуір айында өз үйінде пайдакүнемдік оймен өзінің жоспарын іске асыру үшін, бұрын өзі ұрлап алған банк клиенттерінің пин кодтарын қолданып, ұялы телефоны және "Интернет-Банкинг" бағдарламасы арқылы клиенттердің жеке кабинеттеріне кірген, осылайша жеке кабинеттердегі ақпаратты заңсыз алған. Сөйтіп, ол жеке депозиттерден жалпы көлемі 14 миллион теңгеден асатын ақша қаражатын ұрлаған", - деді соттағылар.

Берілген қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы 8 желтоқсанға белгіленді. Ер адам бірнеше бап бойынша айыпталып отыр: "Ақпараттық жүйеге заңсыз кіру жолымен жасалған ұрлық", "Азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын бұзуына әкелген, ақпараттық жүйеде сақталған заңмен қорғалатын ақпаратқа заңсыз кіру", "Электрондық тасушыда сақталған заңмен қорғалатын ақпаратты заңсыз қасақана иелену".


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай