08 қыркүйек 2021 17:05

Павлодарда дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған полицей сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар станциясының желілік полиция бөлімінің кіші сержанты сотталды. 23 жастағы бұрынғы полиция қызметкері төрт ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар станциясының желілік полиция бөлімінің кіші сержанты сотталды. 23 жастағы бұрынғы полиция қызметкері төрт ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот мәліметінше, павлодарлыққа 192-баптың 3-бөлігі 3-тармағы "Қарақшылық, яғни шабуыл жасалған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылықпен немесе осындай зорлық-зомбылықты тікелей қолдану қаупімен ұштасқан бөтен мүлікті ұрлау мақсатындағы шабуыл" бойынша айып тағылған.

Оның айтуынша, полицей барлық қылмысты жұмыс уақытында жасаған. Полицей бос уақытында тонаумен айналысқан. Шабуылдың алғашқы нысаны "Қазпошта" АҚ бөлімшесі болған. Ол кассирді тапаншамен қорқытып, 21 мың теңге алып, сол күні букмекерлік кеңседе ұтылып қалған. Ер адам ойынға тәуелді болғаны анықталды. Ол 1 наурызда тағы үш тонау жасаған.

"Сотталушының кінәсі жәбірленушілер, куәгерлер айғағымен, заттай дәлелдемелермен дәлелденді. Сот Павлодар қаласының тұрғынын жасалған қылмыстарға кінәлі деп таныды. Оған орташа қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, ол "полицияның кіші сержанты" атағынан айырылды", - деп қорытындылады судья Ахметова.

Сот бұрынғы полиция қызметкерінің 2020 жылдың мамырында берген антының бұзылуын ауырлататын жағдай деп таныды.

Сонымен қатар, сотталушының өзі сотта куәлік беруден бас тартты, ол өз кінәсін ішінара мойындады және үкімді жеңілдетуді сұрады. Ер адам қарақшылық шабуыл емес, тонау жасағанын мәлімдеді, өйткені оның қаруында оқ болмаған.

Айта кетейік, Павлодарда полицей дүкенді тонап, қолына қару алып, супермаркеттің кассасындағы ақшаны ұрламақ болғаны хабарланған болатын. 23 жастағы күдікті Павлодар станциясының желілік полиция бөлімінің қызметкері болып шыққан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети