24 қыркүйек 2020 17:10

Павлодарда ер адам досының атынан 14 кредит алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: sakhaday.ru Фото: sakhaday.ru

Павлодарда ер адам досының атынан 14 кредит алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.


Павлодарда ер адам досының атынан 14 кредит алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, павлодарлық полицияға шағым түсірген. Ол белгісіз адам оның атынан 2,5 миллион теңгеге кредит алғанын айтқан. Тұрғын несие алғанын тек кредит ұйымдары хабарласып, ақшаны талап еткенде ғана біліпті.

"Тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстаған. Ол кінәсін мойындаған. Күдікті - жәбірленушінің ең жақын досы", - дейді Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсимов.

Оның айтуынша, былтыр күдікті досынан жалақы алу үшін банк картасын ашып беруді сұрапты. Досы оған көмектесуге келіскен. Кейін күдікті жақын досының жеке мәліметтерін пайдаланып, оның атынан 14 кредит рәсімдеген. Ол алған ақшаны букмекерлік компанияға ұтысқа қойып, ұтылып қалған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінге тергеу басталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети