1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Павлодарда кәсіпкерге оқ атқан такси жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты30 қыркүйек 2020, 14:49

Фото: ©Тұрар Қазанғапов Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Павлодарда 42 жастағы такси жүргізушісі кәсіпкердің өліміне кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында кәсіпкерге оқ атқан 42 жастағы ер адамға қатысты сот ісі қаралды. Күдіктіге пайда табу ниетімен адамға қарумен шабуыл жасады, қаруды заңсыз сатып алды және алып жүрді деген айыптар тағылды.

"Сот күдіктіні кінәлі деп тауып, 18 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздік деңгейі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады", - дейді судья Құдабай Сұлтанов.

Сондай-ақ, сотталушы жәбірленуші тарапқа 3 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлейтін болды.

Айта кетейік, 2019 жылдың 8 желтоқсанында таңертең күдікті жеке көлігімен бизнесменнің үйіне келген. Ол кәсіпкер подъезден шыққан кезде оған бірнеше рет оқ атқан. Кейін сотталушы оның әмиянын алып оқиға орнынан ізін суытқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!