16 ақпан 2022 09:35

Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген сот қызметкері 15 тәулікке қамауға алынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: sud.gov.kzФото: sud.gov.kz Фото: sud.gov.kzФото: sud.gov.kz

Мас күйінде көлік жүргізген Павлодар облыстық сотының қызметкері 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мас күйінде көлік жүргізген Павлодар облыстық сотының қызметкері 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соттың мәліметінше, 4 ақпан күні сағат 23.35-те Павлодар көшелерінің бірінде Павлодар облыстық сотының 31 жастағы қызметкері мас күйінде ұсталған.

"Полиция қызметкерлері тоқтатқан кезде жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Тексеру барысында ол 40 минут бұрын 3-4 стакан шарап ішкенін мойындады. Сондай-ақ, алкотестер алкоголь ішкенін растады", - деді Павлодар қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Руслан Орумбаев.

Сондай-ақ, ол екінші рет жүргізілген медициналық тексеруде жүргізушінің қанынан мастық белгілері анықталмағанын атап өтті. Бірақ бұл тексері белгіленген ереже бойынша жасалмағандықтан, сот оны есепке алмаған.

"Атап айтқанда, ережеге сәйкес қайталама сараптама екі сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі. Бірақ бұл жағдайда ол тексеріс белгіленген уақыттан кеш жүргізілген. Дегенмен бұл сараптама да алкоголь ішкендігін анықтады", - деді Орумбаев. 

Соттың баспасөз қызметі жүргізушінің әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келіспей, шағымданғанын хабарлады. Нәтижесінде, істі қарау кейінге қалдырылды. Бірақ 15 ақпанда сот шағымды қанағаттандырусыз қалдырып, павлодарлық әйелдің кінәсі дәлелденді.

"Сот Павлодар қаласының тұрғынын ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны көлік басқару құқығынан 7 жылға айырып, 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды", - деді Орумбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети