15 ақпан 2017 10:41

Павлодарда немересінің емі үшін пара алған шенеунік сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің шенеунігі онкологиялық ауруға шалдыққан немересінің емі үш үшін пара алған, енді ол айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігінің шенеунігі онкологиялық ауруға шалдыққан немересінің емі үш үшін пара алған, енді ол айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанындағы Медициналық қызмет төлемдері комитеті департаментінің басшысы Дүйсебек Қазанғаповқа қатысты сот үкімі шықты.

"Соттың үкімімен Дүйсебек Мұсабекұлы бірнеше рет пара алғаны үшін айыпты деп танылды. Ол айыппұл ретінде 7,7 миллион теңге төлейтін болды, сондай-ақ, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды", - деп оқыды үкімді Павлодар қалалық қылмыстық соттың судьясы Айгүл Ахметова.

Сотталушының айтуынша, оған салынған айыппұлды туыстары төлеп береді. "Туыстарым көмектеседі. Отбасымызда жеті адамбыз. Ағаларым, әпкелерім бар. Олар да көмектеседі", - деді Дүйсебек Қазанғапов.

Сонымен қатар, соттағылар пара берген бас дәрігерлерге қатысты қылмыстық қудалаудың тоқтатылғанын айтты. Сот барысында Дүйсебек Қазанғапов қызметкерлерінен аққанмен ауыратын үш жасар немересінің еміне пара алып келгенін айтты. 

Былтыр 30 желтоқсанда шенеунік Екібастұз ауруханасының дәрігерлерінен 80 мың теңге көлемінде сыйақы алған. Қазанғапов пара алғаннан кейін бірден ұсталған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети