Павлодарда педофил-әке 15 жылға сотталды

05 Маусым 2017, 19:42
0
Павлодарда педофил-әке 15 жылға сотталды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Павлодарда педофил-әке 15 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық сотында 37 жастағы ер адамға сот үкімі шықты.  Ол өзінің туған қызын бірнеше мәрте зорлап келген. Процесс жабық түрде өтті.

"Сот үкімімен "14 жасқа толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша кінәлі деп табылды. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын максималды қауіпсіздік қылмыстық-орындаушы мекемесінде өтейтін болады", - деп оқыды үкімді судья Нұрлан Айтбаев. 

Сонымен қатар, оған педогогикалық қызметте, кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салынды. 

Сот мәліметінше, павлодарлық биыл қаңтарда қамауға алынған.  Кәмелет жасқа толмаған қыздың ата-анасы оны тәрбиелеуден бас тартқан. Кішкентай қызды балалар үйіне жіберген, ол сол жерде әкесінің жасаған қорлықтарын айтып берген. 

"Ер адам кәмелет жасқа толмаған қыздың туған әкесі. Ол өз қызына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Оқиға шамамен 2012-2016 жылдары аралығында болған", - деді сот баспасөз қызметіндегілер. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай