05 қазан 2019 16:49

Павлодарда таксиде зорлау ісі: Тергеуші жұмыстан босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда таксиде зорланған жолаушы қыздың ісін созбақтаған полицейлерге қатысты қызметтік тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Павлодарда таксиде зорланған жолаушы қыздың ісін созбақтаған полицейлерге қатысты қызметтік тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Өңірлік полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, тергеуші қызметінен босатылған. Оны қағазбастылық пен тергеу шарасы төмен сапасы үшін жауапкершілікке тартқан. 

"Өзіндік қауіпсіздік басқармасы Павлодар ІІБ қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізді. Тергеу нәтижесі бойынша істі жүргізген тергеуші атқарып отырған лауазымынан шеттетілді. Сонымен қатар, бірқатар басқарма басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді Павлодар облыстық ПД басшысы генерал Амантай Әубәкіров.

Оның айтуынша, анықталған тәртіп бұзушылықтар үшін қалалық полиция басқармасының бірқатар лауазымды тұлғалары сөгіс және қатаң сөгіс алған. Қазіргі уақытта зорлау және жәбірленушінің мүлкін ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр екен. 

Осыған дейін аймақтық ПД басшысы атышулы істі тергеуді жеке бақылауға алғаны айтылды. Сондай-ақ, тергеу барысында күдіктінің туыстары да тексеріледі, олар жәбірленушіден арызды қайтарып алуын талап еткен. 

Павлодар қаласында әйелді ұялы қосымша арқылы шақырылған такси жүргізушісі зорлаған. Оқиға болған соң қыз бала бірден полицияға барған. Тергеу төрт айға созылды, ал содан кейін қыз тергеу тоқтатылғанын кездейсоқ білген. Зардап шеккен қыз облыстық ПД басшысына және прокуратураға шыққаннан кейін ғана қылмыстық іс қайта жанданған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети