11 ақпан 2015 19:07

Павлодарда вандалдар Жауынгерлік даңқ мұражайының экспонаттарын бүлдіріп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жауынгерлік даңқ мұражайы. ©Tengrinews.kz Жауынгерлік даңқ мұражайы. ©Tengrinews.kz

Павлодарда жас вандалдар Жауынгерлік даңқ мұражайының экспонаттарын бүлдіріп кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Ұлы Отан соғысының батырларына арналған инсталляция толықтай қиратылып, жауынгерлер макеті бүлінген, қарулардың муляждары сындырылып, жұлынып алынған. Экспонаттар Жауынгерлік даңқ орналасқан саябаққа қойылған.


Павлодарда жас вандалдар Жауынгерлік даңқ мұражайының экспонаттарын бүлдіріп кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Ұлы Отан соғысының батырларына арналған инсталляция толықтай қиратылып, жауынгерлер макеті бүлінген, қарулардың муляждары сындырылып, жұлынып алынған. Экспонаттар Жауынгерлік даңқ орналасқан саябаққа қойылған.

"Мен мұражай үйінің аумағына жауап беремін, ал саябақ бізге берілмеген. Оған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бөлімі қызмет көрсетеді және оны ешкім күзетпейді. Сондықтан ол жыл бойы қиратылып келеді. Әркімді аңдып, артынан қуа алмайсың. Манекендерден автоматтарды сыдырып, қолдарын жұлып алады. Егер біз бүлдіріп жатқандарды көрсек, барып айтамыз. Бірақ адамдар әртүрлі, біреулер бірден кетіп қалады, енді біреулер ерегесе бастайды", - дейді Жауынгерлік даңқ мұражайының меңгерушісі Динара Опабекова. Оның айтуынша, вандализммен ересектер де айналысады.

"Манекендерге балаларын отырғызып суретке түсіреді. Блиндажды қоғамдық әжетханаға айналдырған, үйсіз жүргендер сол жерде түнейді, жастар ішімдік ішеді, бірнеше рет шприц те табылды", - дейді Опабекова. Оның айтуынша, мұражай басшылығы саябақ аумағына күзет қою туралы мәселені бірнеше рет көтерген, бірақ әзірше нәтиже жоқ. 

"Биыл және өткен жылы біз қалалық әкімдіктің мәдениет бөліміне сол аймақты толықтай игілендіру үшін бізге беру туралы хат жаздық. Бірақ мұнымыздан түк шықпады. Ал менде мұражай үйін күзететін бір ғана күзетші бар. Вандалдарды ұстау үшін бәрін тастап жүгіріп, таяқ жегізіп, оның денаулығымен тәуекел ете алмаймын. Өткен жылы мұражайдың қызметкеріне ескерту айтқаны үшін бір бұзақы қол көтерді", - деді Жауынгерлік даңқ мұражайының меңгерушісі.

Павлодар әкімдігіндегілер бүлінген инсталляцияны жуық арада қалпына келтіруге және мұражай аумағын күзету мәселесін шешуге уәде беріп отыр. "Ол жердегі соғыс қимылдары алақандағыдай көрінеді. Жауынгерлер манекені, қарулар, блиндаж, окоп. Оның барлығы адамдар үшін, тұрғындар үшін жасалған. Білесіз бе, жақсылық жасаған кезде бізде бәрі жаман болады деп ойламайсыз. Тұрғындар осылай қарайтын болса, мәселені ішкі істер басқармасымен бірлесіп шешуге тура келеді. Күзет мәселесін қарастырамыз, бақылау камерасын қоюмыз ба, күзетші ме. Бүлінген инсталляцияны қалпына келтіреміз. 9 мамырда негізгі мерекелік шаралар Жауынгерлік даңқ мұражайының аумағында өтеді. Сондықтан қирағандарды бюджет есебінен өз күшімізбен қалпына келтіреміз. Бәлкім демеушілердің бірі көмектесіп қалар", - деді Павлодар әкімінің баспасөз хатшысы Азамат Бәйтенов.

Айта кетейік, Жауынгерлік даңқ мұражайы 2014 жылы 9 мамырда ауқымды жауынгерлік іс көрінісін қойды. Инсталляцияға блиндаждардан, дзот пен командалық пункттен өзге  Ұлы Отан соғысы кезіндегі екі зеңбірек пен аңызға айналған Т-34 танк кірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети