1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Павлодарлық дәрі-дәрмектерді әлеуметтік желі арқылы сатпақ болған

фото: pixabay.com фото: pixabay.com

Павлодарлық полицейлер дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың сегіз фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дәрі-дәрмектерді заңсыз сатуды анықтау мақсатында полиция қызметкерлері тұрақты негізде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді. Осылайша, мониторинг жүргізу кезінде әлеуметтік желілердің бірінің бетінде заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі анықталды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Павлодар қаласының 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Ақырғыдан келесі дәрілік препараттар алынды: новокаин – бес бума (25 ампула), “цеф 3” – (25 ампула), 11 бума “зитмакс” (33 таблетка), левозин – бір дана (бес таблетка) және лидокоин – үш бума (15 ампула). Осы факті бойынша елдің заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетін болады.

Басқа жағдайда Павлодар ауданы ауылдарының бірінде 6 шілде сағат 18.00-де рейдтік іс-шаралар жүргізу нәтижесінде Павлодар ауданының криминалдық полиция бөлімі мен жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен дүкенде дәрі-дәрмектерді сату фактісі анықталды. 42 жастағы ауыл тұрғыны азық-түліктен басқа, осы қызметке лицензиясы жоқ дәрілік препараттарды да өткізген. ҚР ӘҚБК 424-бабы 1-бөлімі бойынша дүкеннің иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материал жиналып, Денсаулық сақтау органдарына жіберілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!