01 наурыз 2018 11:02

Павлодарлық жігіт полицейді ұрып, иықбелгісін жұлып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Павлодарлық мас жігіт полицейдің бетінен ұрып, иықбелгісін жұлып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарлық мас жігіт полицейдің бетінен ұрып, иықбелгісін жұлып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Павлодар облысындағы Ямышево ауылында болды. Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға әйел адам хабарласып, үйіне мас күйдегі ер адамның кіріп кеткенін хабарлаған. 

"Оқиға орынына келген учаскелік полицей үйге мас ер адамның заңсыз кіріп кеткенін көрген. Полицей ер адамнан шығып кетуін талап еткен, алайда ер адам қарсылыұқ білдіріп, құқық қорғау органы қызметкерінің бетінен ұрып жіберіп, күртешесіндегі пагонды жұлып тастаған", - деді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Полицейлер учаскелік полицейдің сасып қалмай бұзақыны тынышталдыру үшін күш қолданғанын және көмекке келген ауыл тұрғындарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізгенін айтты. 

"30 жастағы құқық бұзушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 1-бөлігі (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану, билік өкiлiнің өз қызметтік мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін одан кек алу мақсатында оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру") бойынша іс қозғалды. 

Айта кетейік, осы бап бойынша бұзақы үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети